Ынтымақты отбасы

Қазан айының 20 жұлдызында мектеп директоры Исетова Багытжан Кабдылкапаровнаның жетекшілігімен 5 «Е» сынып оқушылары және ата-аналарына арналған «ынтымақты отбасы» атты математикалық сайыс болып өтті. Сыныптан тыс іс-шараның негізгі мақсаты ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастыққа баулу болып табылады. Іс- шарада 6 отбасы балаларымен қатысты.
Сыныптан тыс іс-шара психологиялық ахуал орнатудан бастау алып, әр отбасы өздерін таныстырумен жалғасын тапты. Жалпы іс-шарада бірнеше тапсырмалар қамтылған сайыстармен қатар, көрермен болып келген оқушылар да елеусіз қалмады, яғни көрермендерге арналған қызықты сауалдар ұсынылды. Сыныптың ахуалы өте жоғары көңіл күйде ата-аналар тарапынан да белсенділік басым болды. Шара соңында жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен қатар алғыс хаттармен марапатталды.
Қорытындылай келе, осы іс-шарадан кейін кейбір оқушылар арасында пәнге деген қызығушылық, сонымен қатар, ата-ана, оқушы және мұғалім арасындағы ынтымақтастық нығая түседі.

5 «Е» сынып жетекшісі: Көптілеу М.А.



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *