Тілдер мерекесі

ҚР Халықтарының Тілдер мерекесі  мерекесінің аясында Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектебінде 21 қыркүйекте  5 «Д»-  сыныбында  қазақ тілі пәні мұғалімі  Ибраева Г.Б дайындаған« Тіл-білімнің кілті»  атты интеллектуалды ойын  өтті.  

Мақсаты:Жас ұрпақты өз ана  тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиелеу, табанды, дарынды, білімді, елжанды тұлға қалыптастыру.
 Жоспар бойынша 5- сынып оқушылары бұл іс- шараға қатысып, мемлекеттік тілді қай деңгейде меңгергендіктерін көрсетті, өз ойларын қазақ тілінде жеткізіп қана қоймай, түрлі өлеңдер, мақал- мәтелдер айтып, тіл мерекесіне  белсене қатысты.



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *