Кітап – рухани жаңғыру құралы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Бо­ла­ша­ққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жазғандай:«Біздің мақ­са­ты­­мыз айқын, бағытымыз белгілі, ол − әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қо­сылу». 

Әлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шар­ты­ның бірі – «Жаһандағы заманау­и мәдениет» жобасын» іске асыру болып табылады. Мәдени өнім­де­ріміз рухани құрал – алдымен кі­тап түрінде өркендеуі абзал.
Бұл күнде адамдардың ақпарат алу мүмкіндігі кеңейе түсті. Электрондық жүйелер арқылы кез келген шығармалармен танысуға жағдайлар бар.  Алайда кітаптың алар орны ерекше.

     Өткен,2017 жылдың желтоқсан айында,  мектебіміздің тарих кабинетіне, Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілген еді. Осы кабинеттің ашылу салтанатына халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ақын, публицист, журналист, ғалым әрі аудармашы, әлем халықтары жазушылары одағының және Қазақстан жазушылары одағының мүшесі Серікбай Оспановта қатысқан болатын.
     Серікбай Оспанов таяауда мектебімізге келіп, мектебіміздің кітапханасына және Бауыржан Момышұлы атындағы тарих кабинетіне, өзінің жеке кітапханасынан 55 көркем әдебиет туындыларын сыйға тарту етті. Бұл кітаптардың қатарында Серікбай Оспановтың өз шығармашылығынан: «Жайсаңдар айтқан жарқын сөз (…деген екен!)», «Алқоңыр», «Гүл арасындағы тікен», «Қазақ ақындарының публицистикасы», «Ақындар әлемі», «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты кітаптары бар.
Сонымен бірге өзге де авторлардың шығармалары, атап айтсам, Міржақып Дулатовтың, Олжас Сүлейменовтың шығармалар жинағы, Жәзит Құдайқұлұлының «Атыңнан айналайын Қарабатыр», Серкеш Сейітұлының «Қиянатты билік», Кеңшілік Мырзабековтың «Бір мысқал» атты еңбектері бар.
   Кітап-қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз.
Әрдайым жақ­сылыққа жаны жақын, айналасын­дағы барша жанға ақ тілегі, адал пейілі дайын Серікбай Оспанов ағамызға ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілеймін.

Тарих пәні мұғалімі:Какимжанова Б.М




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *