«Кадет» лагерінде «Рәміздер күні»

Әр бала еркін тыныс алу үшін жазғы демалысты күтеді. Сондықтан  жазғы демалысты қызықты, әрі пайдалы уақыт өткізу үшін мектеп ұжымы ұйымдастыруды шешті. 5 «е» сынып оқушылары үшін  «Жаз-2017»  өте қызықты өтуде.
5 «Е» сынып оқушыларының тобының атауы   «Қыран» тобы. Жазғы демалыс  лагеріне 27 оқушы қатысты. 5оқушы қыз бала, 22 оқушы ер бала.Сонымен оқушылар  қауіпсіздік техникасы бойынша инструктажбен танысады. Күнделікті таңертен сапқа тұрудан басталады.

Таңғы жаттығу балалардың барлығының да көңіл күйін көтереді және денсаулықтарына пайдалы

Лагеріміздін төртінші күні. 6 маусым күні бағдарлама бойынша өтетін сабақтарымыз әдеп, өлкетану, медициналық білім негіздері, брейн  ринг «Мемлекетіміздің рәміздері».
Бұл күн Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер күніне арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы балалар  білімдерін ортаға салып елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту  және құрметтеу. Мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.

Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты әр сынып оқушылары өздерінің салған плакаттарын  қорғады

Бұл 5 «Е» сынып оқушылары Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты салған плакаттарын  қорғау барысы
Әдеп сабағы. Әдепті  болам  десең, арлы   бол!
Викториналық сұрақтар қою және әр түрлі ойындар арқылы балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке,  еңбексүйгіштікке үйретті.


«Өлкетану» сабағында жергілікті жермен, оның табиғатымен танысты.

Оқушылар топқа бөлініп әр түрлі тапсырмаларды орындады

Постер қорғады.

Медициналық білім негіздері сабағына   медициналық  колледжінің студентері  әдейі шақырылды. Зардап шеккен адамға алқашқы көмек көрсету және жарақатын түрлерімен таныстырды.




Брейн  ринг «Мемлекетіміздің рәміздері».

Брейн  ринг «Мемлекетіміздің рәміздері».
Әр түрлі тапсырмалар берілді соңы орындау барысында

Балалар арасындағы жарыс өте қызықты өтті, ойын барысында балалар командалық ұйымшылдықты, шеберлікті көрсете білді.

Дайындаған: 5  «Е» сынып жетекшісі Кокеева А.С.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *