Тіл білгірлері

17 наурыз күні   5-ші сынып оқушылары  арасында «Тіл білгірлері » интеллектуалды сайысы   өткізілді

Мақсаты: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Оқушылар 5 сайыс бойынша білімдерін ортаға салды.
1.«Бәйге» (ауызша сұрақтарға жауап  беру)
«Әріптер сайысы».
«Сөздің көркі — мақал».
«Өлең сөздің патшасы» ( өлеңді мәнерлеп оқу)
«Аудармашылар» сайысы.
Сайыс  барысында оқушылардың тілге деген жанашырлықтарын танытып, жыр шумақтарын оқып, сахна төрінде өнерлерін көрсетіп  өздерінің тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы  бойынша,  өзінің қазақ тілін қаншалықты жақсы білетіндігін дәлелдей алған  5 «Г» сынып оқушылары  жеңімпаз атанды.
5 «Б-2» сынып ІІ орынға ие болды
5 «В» сынып ІІІ орынға ие болды.



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *