«Дала жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсариннің туғанына –175 жыл»

Ыбырай Алтынсарин – біздің жерлесіміз. Қостанай облысының тумасы, аса көрнекті қоғам қайраткері, жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, атақты педагог, ағартушы, ғалым – этнограф әрі публицист жазушы, Қазақ жерінде алғашқы мектептер мен кітапханалардың ашылуына зор үлес қосқан тұлға.

Ыбырай Алтынсариннің қазақ елінде халық мектептері желісін жасаудағы еңбегі, тарих беттеріне алтын әріппен жазылды. Ол төрт екі сыныпты орыс – қазақ училищесі мен бір қолөнер училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық мектеп пен орыс тұрғындарына арналған екі училищені ашты.Оқуға құштар адамдарға білім сәулесін шашқан Ыбырайды Әлем Адамы деп сеніммен атауға болады.

      Осы Отаншыл азаматымыз, біртуар тұлғаның туғанына, биылғы жылы  175 жыл толып отыр. Атаулы мерейтойға байланысты, қаламыздың  Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайы қызметкерлері  және  Ыбырай  Алтынсариннің  өмір жылдарын, еңбек жолдарын зерттеуші,  Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Жақып Қалқаман Хасенұлы  басшылығымен,  атамыздың  балалық шағы мен жастық шағы өткен  жері — Ыбырай Алтынсарин атындағы ауданның Шербаков ауылында болып, атамыздың ізі қалған  жерлермен танысып, көптеген жаңа мәліметтерді  меңгердік. Ауылдың дәл ортасында Ыбырай Алтынсарин алаңы, ал Мәрим Хакімжанова атындағы орта мектепте атамызға арналған мұражайы бар екен.

        Шербаков ауылынан 25 -30 шақырым жерде, кезіндегі Ыбырай  атамыз ауылының орнында болып, осы күнге дейін сақталған құдықты  келген қонақтар, оқушылар өз көздерімен көріп таныстық.

Бұл шара өскелең ұрпақ үшін,  Ыбырай Алтынсарин  туралы  білгеннің үстіне біле түсуіне үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймын.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *