Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Мәңгілік Ел» — многовековая мечта о независимости Казахстана

КОНЦЕПТУАЛЬНЫЕ ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ

КОНЦЕПТУАЛЬНЫЕ ПОДХОДЫ
К РЕАЛИЗАЦИИ ПРОГРАММЫ «ТУҒАН ЖЕР»

Патриотический акт – «Мәңгілік Ел».

ПРОТОКОЛ
работы информационно-пропагандистской группы с жителями города по разъяснению и пропаганде программной статьи «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» и Программы «Туған жер»

Уақыт ағымы
Қазіргі кезде қоғамда қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне ауысуы жан-жақты талқылану үстінде. Түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылуда. Қазақ тілінің жанашыры ретінде өз ойымды білдірсем деп едім. Латын әліпбиіне көшудің тиімді де тиімсіз жақтары бар. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін қалыптасқан елдерде латын әліпбиі кеңінен қолданыс тапты. Бұл олардың ел болып нығайып әрі қарай дамуына ықпалын тигізді. Бір жағынан қарасаң, алдыңғы қатарлы елдердің көбісі осы әліпбиді қолданады және тілдік, экономикалық, мәдени қарым-қатынас та осыған байланысты жүргізіледі. Жаһандық көзқарас тұрғысында латынға көшу – қажетті қадам. Өйткені, Қазақстан дамып жатқан алдыңғы қатарлы елдермен терезесі тең болғанын қалайды. Қазақ тілінің мәртебесін әлемдік деңгейде көтеру үшін де жасалмақ іс бұл. Себебі, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену жеңіл болмақ, тіпті өз ана тілін білмейтін қандастарымызға үйрену үшін жол ашылмақ.
Бірақ, бұл айтуға оңай нәрсе. Мұның астарында түгелімен дерлік құжаттарды, оқулықтарды, заңнамаларды, мемлекетке маңызды дүниенің барлығы дерлік латын әліпбиіне ауыстыруы керек және жай ғана ауысып қоймай әрі қарай сол әліпби бойынша жұмыс жасауға дағдылану керек. Бұл дегеніміз – барлық мемлекетке қызмет жасап отырған қауымды қайта оқыту керек. Бұның барлығы үлкен қаражатты, уақытты, талапты, төзімділікті қажет етеді. Бір жағынан, біздің қоғам латын әліпбиіне ауысуға дайын ба? деген сұрақ туындайды. Себебі, жетпіс жылдан астам уақытта қанымызға сіңісіп кеткен кириллица жазуынан бас тартуға тура келеді. Әрине, қазіргі жастар латын әліпбиіне тез үйренуі мүмкін, ал, алдыңғы қатарлы аға буын не істемек?
Негізінде, қаза берсең, шыға беретін мәселе, туа беретін сұрақтар көп. Менің айтпақ ойым, ерте ме кеш пе, бұл болатын жағдай еді. Біз өзіміздің қамымызды емес, болашақ ұрпақты ойлауымыз қажет. Бізге қиын болса да, ертең жастарға оңай болар деген сеніммен өмір сүруіміз керек. Себебі, ұлан-ғайыр жерді жаулардан қорғағанда, біздің қамымызды ата-бабаларымыз ойлаған. Өз кезегімізде біз де өскелең ұрпақтың жақсы өмір сүруіне, білімді де білікті, бәсекеге қабілетті жастар болуына жағдай жасауымыз міндетті. Сонда ғана Қазақстан ең мықты мемлекетке айналады.

Авторы: Қайырбек Тұрар
Қостанай қаласы, №5 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі