Коучинг «Көшбасшылық еңгізу»

 «Мектеп практикасына басқару құрылымына бөлінген көшбасшылықты енгізу» тақырыбындағы коучинг  сабағының рефлексивтік есебі

 Коуч:  Казиева А.А.  І (ілгері) деңгейлі мұғалім

Педагогикалық шеберлік орталығы іске асыратын Кембридж университетінің Бағдарламасы аясында барлық мұғалімдер өз сыныбының шегінде оқу көшбасшылары ретінде қаралады, сонымен қатар бірінші және екінші деңгей бағдарламасының басым бағытын есепке ала отырып, оны игерген мұғалімдер өз мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып табылады.
Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық-өнегелілік сауаттылығы, эмоционалдық-қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту сапасын арттыру басымдығы. Қазіргі түсінікте көшбасшылық мектеп директорына немесе білім беру жүйесінің жоғарғы басшылығына ғана тән нәрсе емес. Заманауи зерттеулер (Leithwood et al., 2006) көрсетіп отырғандай, көшбасшылық кеңінен тараған болса, әрі бір адамның қарекетіне қарағанда, көшбасшылар тобының ықпалы үстемірек болған жағдайда көшбасшылықтың мектепке ықпалы анағұрлым тиімдірек болмақ.
Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.       (МАН, 17 – 23 беттер).
Коучинг сессия сабағымның тақырыбы «Мектеп практикасына басқару құрылымына бөлінген көшбасшылықты енгізу»  тақырыбына өткізілді.  Мақсаты: Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығын анықтау, бөлінген көшбасшылық арқылы педагогтарды кәсіби дамыту үшін жағдай жасау.        Мектеп қызметін басқаруға мейлінше көп адамдарды тартып, көшбасшылық тәжірибесін белсенді түрде бөлумен байланысты. Бөлінген көшбасшылық моделі —  бұл жеке көшбасшылардың әрекетіне қарағанда, көптеген көшбасшылар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген көшбасшылық.
Коучинг сессияға барлық ұжым қатысты. Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық — өнегелілік сауаттылығы, эмоционалдық — қалыпты оқуы және жан — жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту сапасын арттыру басымдығы.
Сабағымды бастамас бұрын мұғалімдерді топ ережесімен таныстырып шықтым. Сабақта мұғалімдердің психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «шаттық шеңберін» жасадық. Бұл жерде мұғалімдерге өз есімдерін шығармашылық түрде жеткізуді ұсындым. Яғни, мұғалімдерөз есімдерінің не мағына беретіндігін айтып шықты. Содан соң мұғалімдерді топқа бөлу үшін түрлі-түсті  қағаздар таратылды. Сол арқылы алты топқа бөлінді.

Топқа бөлінген соң ой қозғау ретінде  «Лидерство в МЛМ» мультик арқылы тақырыптың қандай болатыны жайында ой бөлістік. Тақырыпты анықтап болған соң бірінші тапсырма ретінде көшбасшы ұғымы туралы не білеміз? Көшбасшы ол қандай болу керек? Көшбасшы болу үшін не істеу керек? деген сияқты сұрақтар бойынша топта өзара талқылап көшбасшы ұғымына анықтама беріп  класстер түрінде көрсетті.


Әр топтың ойын тыңдап болған соң көшбасшы ұғымына түсініктеме беріп шықтым. Яғни, көшбасшының үш түріне анықтама берілді.
Келесі тапсырма Тренинг: «Башня тұрғызу».  Әр топқа А-4  он парақ беріледі. Осы парақты қолданып  башня тұрғызады және жұмысты орындау барысындағы іс-әрекеттерін сипаттайды.




Келесі тапсырма  кестемен жұмыс.
Кестемен жұмыс:
1. Мектеп басшылығы жұмысының 7 басым бағыттары:
2. Көшбасшының 7 дағдысы:
3. Көшбасшының 7 сауалы:

1. 7 приоритетных направлений работы школьного руководства:
2. 7 навыков лидера:
3. 7 вопросов лидера:

Берілген кесте туралы топта талқылап кестені  толтырып, топтан  бір адам оқып береді.

Келесі тапсырма «ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы топқа постер дайындауды сұрадым. «Бөлінген көшбасшылық дегеніміз не?» туралы жалпы түсінікті мәтінді оқып шығу, топта талқылау және постер құруды сұрадым.

Келесі тапсырма «ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы   топтар слайд дайындайды , постерлерін қорғады.

1-топ: «Көшбасшы оқушы моделі».
2-топ: «Көшбасшы мұғалім моделі».
3-топ: «Көшбасшы ата-ана моделі».


Келесі тапсырма  «Көшбасшылық дегеніміз не?» «Что такое лидерство?» атты бейнежазба арқылы қорытындылау

Бейнежазбаны мұқият көрді, ойланды, өз ойларын, пікірлерін айта отырып қорытындылады.
Рефлексияда  шеңберге тұрып шаңырақ үлгісінде жасалған дөңгелектің ішіндегі суды төкпей бау арқылы көтеріп осыдан қорытынды шығара отырып осы коучингтен өзіне қандай жаңалық алғаны туралы айтты.